Коронавирусқа шалдыққандар саны 3027-ге жетті

78

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғалары анықталды, деп хабарлайды  сoronavirus2020.kz.

Елімізде коронавирусқа шалдыққан тағы 8 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Қызылорда облысында – 1. Осы сағатта елімізде жалпы 3027 науқас тіркелді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 605, Алматы қаласында – 919, Шымкент қаласында – 176, Ақмола облысында – 95, Ақтөбе облысында – 65, Алматы облысында – 113, Атырау облысында – 128, Шығыс Қазақстан облысында – 17, Жамбыл облысында – 111, Батыс Қазақстан облысында – 126, Қарағанды облысында – 139, Қостанай облысында – 43, Қызылорда облысында – 187, Маңғыстау облысында – 32, Павлодар облысында – 120, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 121 адам. Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, індеттен барлығы 774 адам жазылып шықты. Қайтыс болды – 25 адам.