Мақтааралдық 4 азамат COVID-19 инфекциясынан жазылды

64

 

Түркістан облысында 19 сәуір күнгі ақпарат бойынша 4 науқас коронавирус дертінен жазылып шықты.

Мақтаарал ауданы Атакент ауылының 1991 ж., 1998 ж. азаматы, 2017 ж., 2019 ж. қос сәби дертінен құлан-таза айығып, отбасыларына оралды.

Атап өтейік, 4 азамат та Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген азаматшаның жақын туыстары.

Жалпы Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 11-ге жетті.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі