Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың көбейгені туралы «Отырар» телеарнасы атынан жарияланған ақпарат — жалған.
Әлеуметтік желілерде Шымкентте коронавирус жұқтырудың жаңа 58 жағдайы тіркелгені туралы жалған ақпарат жарияланды.
Самал -1, Самал-2, Асар, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Достық, Жаңа Талап, Нұрсәт, Бозарық, Құрсай шағынаудандарында жаңа ошақтар табылғандығы және 300-ден астам адам карантинге жабылғандығы туралы Otyrar.kz порталы ешқандай жаңалық жарияламағандығы туралы ресми түрде мәлімдейміз.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Шымкент қаласында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырудың 11 жағдайы тіркелді.
Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бұзушы ҚР ҚК 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертеміз. Оған 5000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы немесе дәл осындай мөлшердегі түзету жұмыстары, немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалатынын еске саламыз.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жалған жаңалық авторын іздестіруде.
Қазіргі уақытта Шымкентте коронавирустың 11 жағдайы ресми тіркелген.
Тек ресми ақпаратқа сеніңіз!