Сәуірде жауған қардың әлегі

187

8-ші сәуірде күні бойы жауған жауынның арты қарға ұласқаны қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысына салмақ салды.

Ылғал қардан ағаштардың бұтағы сынып, көшелерге құлаған. Қаланың орталығындағы бірқатар көшелерде ағаштар құлап, электр бағаналары мен желілерге зақым келтірген. Ақаулардың басында жұмыс жасап жатқан мамандар тұрғындарды жерде жатқан электр желілеріне жақындамай, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Шынар Оразова