Шымкент-Леңгір бағытындағы көпір пайдалануға берілді

368

Шымкент қаласындағы «Сайрам-су» өзенін кесіп өтетін көпірді қайта құру жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарланған-тын.

Жүргізушілер айналма жолдармен жүріп, әбден әбіржіген-тін. Енді су жаңа көпірмен тікелей қатынайтын болады.

Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға қарамастан мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Көпір құрылысын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізді.

Айта кетсек, 433,87 млн. теңгеге жобаланған көпірдің құрылыс жұмыстарына өткен жылы 200 млн. теңге бөлінген. Биыл қалған бөлігі игеріліп, көпір ел игілігіне берілді.

Назерке Үкібасова