Шымкентте ескі көпқабатты үйлердің қасбеті жаңаланды

323

Шаһардың орталығындағы Тәуке хан, Республика даңғылдарындағы көпқабатты үйлердің қасбеті жаңаланды.

Құрылыс жұмыстары демеушілердің есебінен жүргізілген. Бұл жергілікті кәсіпкерлердің Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай жасаған тартуы. Бастаманы қаладағы бірнеше ірі құрылыс компаниялары қолдап, барлық жұмыстарды  өз қаражаттарына жүргізді. Көпқабатты үйлердің қасбеті сәулетшілердің  ұсынған үлгісімен ажарланды. Тұрғын  үйлердің қабырғалары ақшыл түспен жасалып, балкондар күннен қорғайтын әйнекпен қапталған.

Раушанбек Анарметов, қала тұрғыны: «Шымкент күннен күнге ажарланып келеді. Жақсы  өзгерістер көп. Төтенше жағдайға қарамастан, құрылыс тоқтамады. Орталық көшедегі ескі үйлердің келбеті жаңаланып, әдемі болып қалды. Құрылысшылар, коммуналдық сала қызметкерлеріне үлкен рахмет. Осы жұмыстардың барлығын үйлестірген жаңа әкімге де алғысымыз шексіз».

Шынар Оразова