«Тәуелсіздікке 20 жыл» елді – мекенінен қоршау алынды

359

14 күн бойы қоршауда болған «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары мәлімдеді.

Себебі осы уақыт аралығында мұндағы тұрғындардан қатерлі індет анықталмаған. Еске сала кетейік, аумақтан вирус жұқтырған тұрғындар тіркелгені үшін жабылған еді. Аурудан айыққан олар да бүгін үйлеріне қайтады. Бірақ, жазылып шыққан азаматтар тұратын көшеде карантин режимі сақталып қалады.

Назерке Үкібасова