Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу механизмдері

535

 

26.05.2020ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaǵ» жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинарда университет ректоры Дария Пернешқызы Қайыржан Ахметбекұлына сыбайлас жемқорлыққа қарсы университеттегі жұмыс бағыттарын таныстырып, негізгі миссияның тәрбие, адал, парасатты тұлға қалыптастыру бағытында екенін атап өтті. Мән беретін жағдай, университет «Парасат» орталықтарын ұйымдастыру туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасын алғашқы болып қолдаушылардың бірі болып табылады.

Жобалық кеңсенің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау, студенттік ұйымдарды «Sanaly urpaǵ» аясына біріктіріп, салалық клубтар ретінде жұмыс жасату, «Парасат» орталықтары жұмысы бойынша республика көлемінде тәжірибе алмасу, ISO-37001 стандартын енгізуге дайындық жүргізу, қоғамдық өмірдің барлық саласында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері, сыбайлас жемқорлықты ғылыми тұрғыда зерделеу үшін дипрломдық жұмыстар мен магистрлік және докторлық диссертациялар деңгейінде қарастыру, т.б.

Вебинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын-алу басқармасының басшысы Нариман Бауыржанұлы, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Сайдуллаұлы, Шымкент қаласының өзге ЖОО өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қоғамдық кеңес төрағасы Беген Омарұлы, университет оқытушы-профессорлар құрамы және «Sanaly urpaǵ» клубының төрағасы Әлжан Дінислам қатысты.

Нариман Бауыржанұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың жою бойынша ұсыныстар әзірлеу, тәуекел обьектілері бойынша департемент тарапынан жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Сайдуллаұлы меморандум аясында университетте «Парасат» басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірге дипломдық жұмыстардың қорғалу барысын тексеріп, ашықтық пен адалдық принциптерінің сақталуын бақылап отырғанын баяндады.

Вебинар ұйымдастырушысы ретінде «Парасат» басқармасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бүгіні мен перспективалық бағыттары туралы ақпараттарды, бейне материалдарды ұсынып, перспективалық бағыттарды атады.

Г.С.Дулатова

«Парасат» басқармасының басшысы