Полицейлер музейге барды

365

Жыл сайын «Халықаралық музей күні» аталып өтіледі. Осыған орай, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Түркістан облысы мәдениет басқармасының Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан Сәулет көркем музейіндегі тарихи мұрағаттармен танысып шықты.

Негізгі мақсат – ішкі істер органдары қызметкерлеріне ата-бабадан қалдырған жәдігерлерін көрсете отырып, музей жұмысының рөлін атқару болып табылады.

Мұндай шаралардың өткізілуінде үлкен мән бар. Себебі, бұл – полиция қызметкерлері бойында патриотизмді одан ары күшейтіп, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш мақсат пен мүдде орындалып, өз жемісін беретініне сенеміз.

Өйткені музейге келіп, ұлттық құндылықтармен танысқан полицейлер ерекше әсер алғандарын жеткізуде. Қылмыстың алдын алу мен құқықтық сауаттылықты арттыруда аянбай тер төгіп жүрген тәртіп сақшылары ел тарихынан мол мағлұмат беретін пайдасы мол мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалайтындықтарын тілге тиек етті.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі