Шымкентте коронавирус жұқтырған 50 адам анықталды

98

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.05.20 жылы Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.