Автокөлік құралдарын Қырғызстанға заңсыз шығару фактісінің жолы кесілді

144

Шекарашылар кезекті рет жүкке жасырылған автокөлік құралдарын Қырғызстанға заңсыз шығару фактісінің жолын кесті.

«Айша бибі» өткізу пунктінде ағаш материалдары бар жүк автомашинасы тексерілді, онда жүктің арасында ілеспе құжаттары жоқ екі «Дэу» және «Хюндай» маркалы жеңіл автомашина жасырылған.

Ұсталған автомобильдер Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Бұл осы өткізу пунктінде жүкпен жасырылған жеңіл көлік құралын анықтаудың осы айдағы екінші жағдайы екенін атап өту керек.

 

QAINAR KÓZҚР ҰҚК баспасөз қызметі