«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурс өткiзу қағидалары жаңартылып, өзгерістер енгізілді

134

 

1) Енгізілген толықтырулар бойынша, белгіленген межеден төмен нәтижеге қол жеткізген кандидаттар тестілеу күнінен күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін тестілеуді қайта тапсыруға мүмкіндігі бар;

2) Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілген мерзімде, сертификат пен жеке қасиеттерін бағалау қорытындысының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңінде тоқтатыла тұрады. Бұл, еліміздің азаматтары төтенше жағдай кезінде сертификаттың жарамдылық мерзімі жөнінде алаңдамасада болады.

3) Сондай-ақ, үміткерлер қажет етсе конкурсқа үйден шықпай-ақ қатысуға мүмкіндік пайда болды. Ол үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы жолдауы қажет, яғни мемлекеттік органға құжаттардың қағаз нұсқаларын әкелу қажеттілігі жойылды.
Бұған қоса, әңгімелесуден өту үшін кандидаттың мемлекеттік органға келуі де қажетті емес. Осылайша, әңгімелесу қашықтықтан бейне байланыс құралдарын қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

4) Енді конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өз өтінішіне тек екі құжатты: дипломның көшірмесін және қызметтік тізімнің көшірмесін қоса ұсынады.
Қалған талап етілетін құжаттарды конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат ғана тапсырады.

5) Бұдан бөлек, комиссия мүшелері дауыс беру арқылы лауазымға кандидатты таңдамайды. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша бос лауазымға ең көп балл жинаған кандидат ие болады. Бұл ретте, ұпайлар үміткердің жауаптарының дұрыстығы мен коммуникативтік дағдыларын, лауазымның ерекшелігіне байланысты қойылатын критерийлерді ескере отырып қойылады.