Баспасөз хатшысы М.Әйтеновтың тәждітажалдан аман екенін айтты

128

«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың COVID 19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғаннан кейін, әріптестер тарапынан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің денсаулығы жөнінде сұрақтар көптеп түсіп жатыр»,- дейді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Арай Есенбек.

«Осыған орай, Мұрат Дүйсенбекұлының денсаулығына төнген қауіп жоқ екенін айта кетейін. Иә, Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялық госпиталь ғимаратымен арнайы келіп танысқан болатын. Десе де, қала әкімі оған дейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.

Ал жиындарды онлайн режимде өткізіп отыр. Яғни, сақтық шаралары өз деңгейінде сақталуда. Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест тапсырып тұрады. Қала әкімінің денсаулығы үшін алаңдаған азаматтарға алғыс айтамын!» делінген жазбада.