Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында — 1955 жылы дүниеге келген әйел және 1969 жылы туған еркек және Шығыс Қазақстан облысында — 1959 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өлім себебіін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді. Қазақстан бойынша барлығы 150 адам қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласы – 45 Алматы қаласы – 26 Шымкент қаласы – 13 Ақмола облысы – 13 Ақтөбе облысы – 1 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 2 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 6 Қарағанды облысы – 10 Қостанай облысы – 3 Қызылорда облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 13 Солтүстік Қазақстан облысы – 2 Түркістан облысы – 8