Көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық жұмыстарына биыл 886,8 млн. теңге бөлінді

202

Биыл  Шымкент қаласы аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық  күшейту жұмыстарына 886,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

«Жыл соңына дейін құрылысты  аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін ақтарушы Нұрлан Жаманкөз.

«Сонымен қатар, 158 көпқабатты түрғын үйлерге техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге 119,697 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігерлер де анықталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020″ бағдарламасы аясында жалпы 144 адам жұмыспен қамту көзделуде»,- дейді басқарма басшысы.

Шынар Оразова