Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгіленген заңға қол қойды.
Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, ал 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде жәрдемақы берілетін болды. Жаңа заңнамаға сәйкес, Шымкентте бұл жәрдемақының шарапаты 472 отбасыға тиеді екен. Шымкент қаласы Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру, сондай-ақ істердің электронды макетін бақылау, заңды және жеке тұлғалармен жұмыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта бұл жәрдемақының үлестірілу жолы есептеліп жатыр.
Енді 2020 жылғы 1-шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды. Айта кетейік, бүгінде миллионды қала Шымкентте 33 083 көпбалалы отбасы бар. Оның 22 994-і — 4 балалы жанұя болса, 7 және 8-ден көп перзент асырап отырғандар саны — 500-ге таяған.
Мөлдір Бекеева