Úı ANONS Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды

фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында көптеген келелі мәселелерді тілге тиек етті. Оның ішінде бір палаталы Парламент құру туралы, жаңа парламенттегі мандат саны, қай өңірде театр салынатыны туралы да айтып өтті. 

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды.

«Вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты осы негізгі ережелерді Конституция мәтінінде де көрсеткен жөн», — деді Президент.