«Менің емханам» көпсалалық клиникасы ашылады

224

Жуырда Шымкентте «Менің емханам» көпсалалық клиникасы ашылады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті емханалардағы жүктемені азайту үшін жаңадан салынып жатқан емдеу мекемесіне барды.

Болашақта медициналық мекемеге кардиолог, невролог, хирург, эндокринолог, ЛОР, офтальмолог сияқты мамандар тартылады дейді салаға жауаптылар. Мұнда скринингтік тексерулер, топтарды диспансерлеу, иммундау, СӨС қалыптастыру мен насихаттау, отбасын жоспарлау, жүкті және балаларды патронаждау, әлеуметтік-психологиялық консультация беру жұмыстары ұйымдастырылады.

Шаһар басшысы құрылыс сапасына мән беріп, ұйымның заманауи талапқа сай медициналық жабдықтармен жасақталуын тапсырды.

Қала басшысы «Ана мен бала» оңалту орталығында да болды. Мұндағы жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, орталық – еліміздегі иммун тапшылығы вирусына шалдыққан 18 жасқа дейінгі балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым.

Мақпал Рысбаева

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі