Орталық стадиондағы «Жеңіл атлетика» кешені күндізгі стационарға айналады

105

Орталық стадиондағы «Жеңіл атлетика» кешені күндізгі стационарға айналады. Бұл туралы бүгін қала әкімі мәлімдеді.

Оның айтуынша бұл жер коронавирус жұқтырғандарға арналмаған. Тек күндізгі ем алушыларды қабылдайды. Спорт кешенінде 500 ем қабылдау орны болады.

Ал, келушілер кезегін жанкүйерлер орынында күтетін болады. Спорт басқармасы басшысының айтуынша күндізгі стационар сәрсенбі күні толық дайын болады. Ал, оны жарыссыз қалған спортшылар мен спорт мектептерінің әкімші қызметкерлері жабдықтап жатыр.

Назерке Үкібасова