Шымкентте ажырасу азайған…

174

Шымкентте ажырасу көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен жиында мәлім болды. Салаға жауаптылар мұны республикада алғаш болып ажырасудың алдын алу үшін қолға алынған «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының құрылғанымен байланыстырады. Отбасы құндылығын сақтауда аталған кеңестің атқарар ролі зор.

Кеңестің 46 отырысы ұйымдастырылып, онда ажырасуға ниет білдірген 400 -ден астам отбсының мәселесі қаралған. Оның ішінде 154 жұп медиация әдісімен татуласса, 47 азаматтың неке бұзу туралы арызы кері қайтарылыпты. Мұндай жоба жыл соңына дейін 4 ауданда қолға алынады дейді жауаптылар.

Жандос Қалтаев, Шымкен қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы: «80 -нен астам нәтиже медиактивті келісім бойынша. Біз 400 –ден астам қаралған арыздардың ішінде 40 пайыз некені сақтап қалдық».

Мақпал Рысбаева