Шымкентте балаларға арналған оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды

461

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,  Шымкентте балаларға арналған оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды.

60 орындық медициналық мекемеде сал ауруына шалдыққан, кардиологиялық және ортопедиялық оталар жасалған ұл-қыздар ем дом қабылдайды. Мұнда емдеу дене шынықтыру кабинеті, гидромассаж және ванна қабылдайтын арнайы бөлмелер қарастырылған.

Айгүл Сапарғалиева, №2 оңалту орталығынның бас дәрігері: «Орталықта портал арқылы, не учаскелік педиатрдың жолдамасы арқылы емделуге болады. Барлық зерттеулер жиынтығымен бірге КОВИД-ке тапсырған анализдің қорытындысы болуы тиіс. Ол 5-7 күндік болуы шарт. Сондай-ақ,  ем қабылдайтын баланың қасындағы туысының тиісті құжаттары болса, ол кісі  бізде тегін жатады».

Орталыққа келген балалармен дефектологтар, логопедтер, педагогтар мен психологтар жұмыс істейді. Кешенді ем-дом 18 күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында ем алушылар жаңа корпуста тұруы қажет.

Шынар Оразова