Бұрынғы пневмония коронавирус көрсеткішіне кірмейді

166

 

Бұрын анықталған пневмония жағдайлары статистикалық жаңа есепке қосылмайды. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сүйенген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Осыған дейін елімізде анықталған 234 мың өкпе қабыну көрсеткіші КВИ жұқтырудың жаңа статистикасына енгізілмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша статистикалық есептеуді бастаған сәттен бастап қазіргі уақытта анықталған цифрларды көрсету ұсынылады.

Ретроспективті талдауда статистика 1 тамыздан басталуы тиіс.

Мақпал РЫСБАЕВА