«50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажет» деген ақпарат жалған

153

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға «байланыстырылған» ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

QAINAR KÓZҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі