«Әл-Фараби және қайырымды қоғам» атты бейнедәрістер әзірленді

358

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің бастамасымен жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты мамыр айында Адалдық сағаты алғаш рет онлайн форматта өтті. Аталған іс-шараны ай сайынғы негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Шілде айының 17-30 аралығындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп аталып, мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнедәрістер әзірленді.

Ол өз шығармаларында тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой қозғаған.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.