Бәйдібектік тұрғын үйінде есірткі сақтаған

269

Бәйдібек ауданының тұрғыны үйінде есірткі сақтаған. Бұл заңсыздықты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы аясында әшкерелеген.

Осы хабарлама бойынша оқиға орнына Бәйдібек АПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстары барысында күдікке ілінген тұрғынның ауласындағы сарайының шатырының астынан пакетке салынған есірткіге ұқсас хош иісті зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды.

Зерттеудің қорытындысына сәйкес алынған заттың «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, жалпы салмағы 30 граммға жуық болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтау үстінде.

Мақпал Рысбаева