Құрметті 2020 жылы мектеп бітіруші талапкерлер!

Елбасының бастамасы бойынша және мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды.

Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі бейіндік тұңғыш университет мыңдаған болашақ студенттерге туризм және меймандостық саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар үшін өз есігін ашады.

Университет Орталық Азияның ежелгі тарихи қалаларының бірі – Түркістан қаласында орналасқан!

Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген «3+1» сызбасы бойынша арнайы әзірленген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып және Еуропа, Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларының негізінде халықаралық үлгідегі екі диплом алады (қазақстандық және шетелдік серіктес ЖОО), бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс жасай алуына мүмкіндік береді.

Қазақстандық және шетелдік профессорлардан, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлерінен тұратын мықты оқытушылар құрамы біздің студенттерге теориялық білімнің жоғары деңгейін алуға және оларды шетелдік практикамен ұштастыруға, оның ішінде БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) нығайтуға мүмкіндік береді.

Университетіміз туризм мамандығы бойынша 700 оқу гранттарын бөледі және өз студенттерінің өмір сүруіне жақсы жағдай жасайды.

Мамандық атауы: В091 Туризм

1-ші бейінді пәні: География

2-ші бейінді пәні: Шет тілі

ҰБТ өту балы: 50

Университет грант саны: 700

Құжаттар қабылдау – 2020 жылдың 20 маусым мен 19 тамыз аралығы.

Барлық қажетті ақпаратты Сіз біздің http://tourism-university.kz сайтымыздан ала аласыз.

Сондай-ақ сізді қызықтырған сұраққа келесі телефондар бойынша жауап беруге дайынбыз: +7 (707) 542-51-71, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192-26-91.

Біздің мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, 5 (Амфитеатр).