Шымкент қаласында карантин және шектеу шаралары 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 20 шілде сағат 00:00-ге дейін ұзартылды.

1. Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен 30-дан астам қызметкер штаттық кесте кезінде кемінде 80% қызметкерлер қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады;

2. Сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік дүкендерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізіледі;

3. ХҚКО жұмысын ұйымдастыру Egov.kz, EgovKZBоt 2.0 жеделхат-бот, «Қазпочта» АҚ жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, Call орталықтарының жұмысы сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі;

4. Базарлардың қызметі жұмыс күндері сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін, демалыс күндері қызметін тоқтата тұрумен уақыт бойынша шектеледі;

5. Жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер және үйдің жанындағы дүкендер жұмыс күндері сағат 9:00-21:00 аралығында, демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды;

6. Қаулыда көрсетілмеген объектілердің қызметін демалыс күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеледі;

7. Жеткізу режимінде немесе өзімен алып кетуге жұмыс істейтін объектілерді қоспағанда, көше форматында ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін істеп, демалыс күндері жабылады.

8. Өндірістік қызметтер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы және ашық алаңдағы құрылыс жұмыстары қалыпты режимде жалғасады;

9. Медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, ем қабылдау кабинеттерінің, коммуналдық қызметтердің жұмысы қалыпты режимде жалғасады;

10. ЖМС жанындағы дүкендер, ТҚС, шиномонтаж, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын жуу жұмыстары қалыпты режимде жалғасады;

11. Қонақ үйлер қалыпты режимде жұмыс жасайды;

12. Ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т. б. өткізуге тыйым салынады;

13. Қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салынады;

14. Білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысы тоқтатылады;

15. Мектепке дейінгі ұйымдардың, балабақшалар мен түзету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады;

16. Қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар) уақытша жабыла отырып, өзімен алып кету немесе жеткізіп беру қызметтерін ғана ұсына алады.

17. Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін СПА-орталықтарының, тренажер залдарының, Фитнес орталықтарының, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорт алаңдарының, спорт үйірмелерінің, секциялардың, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың қызметтерінің жұмысы тоқтатылады;

18. Аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық ауада, тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңдарының жұмысына шектеу қойылады;

19. Көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік орталықтар және т. б.) жұмысына тыйым салынады;

20. Барлық мәдениет нысандары (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) жұмысын тоқтатады;

21. Қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салынады;

22. Діни бірлестіктердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) барлық объектілеріне баруға тыйым салынады;

23. Жеткізу режимінде жұмыс істейтін объектілерді қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде фастфуд, балмұздақ, сусындар сату нүктелерінің жұмысы тоқтатылады;

25. Сауда-ойын-сауық кешендері, орталықтар, сауда үйлері мен жәрмеңкелер жанындағы кинотеатрлардың, балалар ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынады;

26. Шымкент қаласындағы автобекеттердар мен автостанциялардың жұмысына тыйым салу, жолаушылар тасымалының қалааралық қатынасы тоқтатылады.