Леңгірде 180 отбасы келесі жылы қоныс тойын тойламақ. Қаланың бірінші шағын ауданында 20 пәтерлі тоғыз үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Шыңғыс Сейітовтың айтуынша, 9 тұрғын үйдің құрылысына 1 млрд 341 млн теңге бөлінген.
«Қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Биыл біз үйлердің шатырын жабамыз, ал әрлеу жұмыстары келесі жылы аяқталады».
Жалпы Төлеби ауданының орталығындағы жаңа шағын ауданында 21 үйдің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, 10 үй салынып қана қоймай, пайдалануға да берілді:
2018 жылы әрқайсысы 60 пәтерлі 8 үй, 2019 жылы 20 пәтерлі 2 үй және 40 пәтерлі бір үй.