Министр: «Антибиотик ішуге асықпау керек»

117

«Антибиотик ішуге асықпау керек» деді. Эпидемиологиялық ахуал туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі «ыстық түсіру үшін антибиотик ішудің қажеті жоқ» деп отыр.

Сөзінше, оның адам денсаулығына кері әсері де тиюі мүмкін. Вируспен алдымен иммунитеттің өзі күресуі керек деген Алексей Цой шөптік препараттар мен судың пайдасы мол дейді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Антибиотик ішуге асықпаған жөн. Егер қызуыңыз көтерілсе, су ішіп, шөптен жасалған препараттар қабылдаған жөн. Себебі антибиотик ағазаның өзге де органдарына зиянын тигізуі мүмкін».

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының жауаптылары шетелдік әріптестер көмегіне де жүгінуді бастаған. Пандемиямен күресу үшін Ресейден дәрігерлер шақыртылыпты. Және Өзбекстан билігі медициналық маска мен қорғаныс қолғабын алуға мұрындық болыпты. Жуық арада Қазақстанға 2 млн. дана маска мен 2 млн. медициналық қолғап жеткізілмек.

Назерке Үкібасова