Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп отыр. Соңғы аптада қатерлі індет табылған науқастар саны елімізде екі есе артқан.

Бір күннің ішінде тәжівирус 600 азаматтан анықталып, қызыл аймақтар белгіленді. Олар Павлодар, Қостанай, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары.

Коронавирусты пневмония жұқтырғандар да азаяр емес. Тіпті соңғы тәулікте індеттің бұл түрі 179 қазақстандықтан табылған. Өкінішке орай, оның үшеуі көз жұмған. Мұның себебін дәрігерлер көрші елмен байланыстырады. Айта кетейік, қазір вирус Ресейде қайта өршіп, кесірінен Қазақстанның шекаралас облыстарында науқастар саны көбейді.

Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта тұр. Егер елордада індет қайта өршіп, науқастар саны 50-ден асса, онда қызыл аймаққа енеді. Айта кетейік, Шымкент қаласы бүгінде жасыл белдеуде тұр.

Назерке Үкібасова