Полицейге қарсылық танытып, балағат сөздермен қорлаған азамат анықталды

437

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстың алдын алу, жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-шараларды атқаруда.

Осындай жұмыс күнінің бірінде Сайрам АПБ ЖПҚ Патрульдік полиция тобының екі инспекторы қызметтерін атқару кезінде күндізгі сағат 12:00 шамасында жол ережесі талаптарын сақтамаған «ВАЗ-21043» маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру барысында жүргізушінің автокөлікке тиісті құжаттары болмай шығады. Содан полицейлер көлікті айыптұраққа қою үшін алып бара жатқанында жүргізушінің ұлы келіп, жолдан полицейлерді тоқтатып, көліктің кілтін алып қойып, билік өкіліне қарсы дөрекі мінезін көрсете бастайды. Заңды талаптарға бағынбай, тіл тигізіп, балағат сөздермен қорлап, аузына келгенін айтады.

Тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабының 3 бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Бас шарасы «қолхатта».
Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде азаматтарға қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбауға кеңес береді.