Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылын қалай бастайтыны әлі белгісіз. Бұл туралы еліміздің бас ұстазы брифинг барысында мәлімдеді.
Сөзінше, білім алудың үш нұсқасы қарастырылған. Ал, оның қайсысы таңдалатыны эпидахуалға байлынысты. Сондай-ақ, биыл 11-сыныпқа көшетін оқушылар үшін оқу жүйесі түбегейлі өзгертілмек.
Өткен оқу жылын мектепке бармай аяқтаған оқушылар биылғы маусымды қалай бастайды? Бұл сұрақты білім министріне мемлекет басшысы өткен аптада қойған еді. Асхат Аймағамбетов аталмыш сауалдан жуық арада құтылмайтын сыңайлы. Бұл жолы ол тілшілерге әлеуметтік желіде тараған слайдтың қаншалықты шынайы ақпарат екенін айтты.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Ғылым және білім минстрі: «Ол слайдты маған да жіберді. Бұл слайдты министрлік жасамаған. Мүмкін бір білім басқармасы, не мектеп жоспарлап ұсынғысы келген шығар. Оның көп нұсқаның бірі екені байқалып тұр».
Егер эпидахуал тұрақтамаса оқушылар қашықтықтан білім ала береді. Тағы бір нұсқа қашықтық және мектепке барып білім алу. Бұл жағдайда оқушы ең маңызды деген пәндерді мектепте, қалғанын қашықтықтан оқиды. Үшінші нұсқа, меткепке барып білім алу. Бірақ, бұл жағдайда үзіліс уақыты аз болып, асханалар жұмыс істемейтін болады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Ғылым және білім минстрі: «Қазір біз мектеп формасына байланысты шешім қабылдадық. Мектеп формасы мен оған талап жойылмайды. Бірақ, біз оған төтенше жағдайға байланысты қосымша енгіземіз. Оқушыларға жаңа оқу жылына классикалық үлгідегі жинақы киіммен келуге рұқсат».
Оқушылар білімді қандай қашықтықтан оқыса да оларға оқулық жеткізіледі. Осылай деген еліміздің бас ұстазы кітаптың алар орны ерекше екенін айтады. Сондай-ақ, биыл он бірінші сынып оқушылары жаңартылған жүйеде білім алатын болады.
Назерке Үкібасова