Арыста карантин талаптарын сақтамай, құдалық өткізуге рұқсат берген мейрамхана анықталды. Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары қаладағы көшелердің бірінде орналасқан мейрамханада адамдар топтасып, отбасылық мерекені дүбірлетіп тойлап жатқанын әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары осынау заңсыздық бойынша тиісті материалдарды жинақтап, әкімшілік шара көру үшін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жөнелтті.
Полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді түсіндіру жұмыстарын қазір күшейткен. Құзырлылар рейдтік шараларды үздіксіз ұйымдастыруда.
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қолға алған.
Мақпал Рысбаева