Түркістан облысы полицейлері тұрғынның құрылысқа қажетті құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жаздық үйінде тұрған бірнеше құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын атап айтқанда дрель, болгарка, сварка аппараты, бензопиланың белгісіз тұлға ұрлап кеткенін жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгені құрады.
Аудандық полицейлер қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тез арада әрекет етті. Тәжірибелі полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шара жүргізу барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. Полицейлер қылмыстың ізін-суытпай бір тәулік ішінде ашып, күдіктіні қолға түсірді.
Ол жәбірленушінің танысы болып шықты. Осылайша бұрын сотты болған, Шымкент қаласының тұрғыны Түлкібас АПБ-не жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті құрылыс жабдықтарын ұрлаған соң, оның жарты бөлігін 30 000 теңгеге сатып жіберген. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тргеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары қазіргі уақытта ұрлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Мақпал Рысбаева