Шымкент қаласы әкімдігінен коронавируспен күреске 1,8 млрд. теңге бөлінген

211

Шымкентке шетелден медицина мамандары келетін болды. Түркиядан 10, Ресейден 5 дәрігер келіп ушыққан жағдайды басу үшін қолғабыс етпек. Бұдан бөлек дәрі тапшылығына байланысты Өзбекстаннан қалаға 2 ауыр көлікпен антибиотиктер әкелінген. Осылай деген қаланың бас дәрігер жағдайдың қазір сәл де болса басылғанын айтады.

Рустам Албаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Өткен аптамен салыстырғанда дерт көрсеткіші әлдеқайда басылды. Енді медициналық тәжірибе алмасу үшін шетелдік әріптестерімізді шақырмақпыз. Олар осы аптада келеді. Түркия мен Ресейден».

Шымкент қаласы әкімдігінен коронавируспен күреске 2 млрдқа жуық қаржы бөлінген. Бұл туралы үшінші мегаполистің бас дәрігері мәлімдеді. Оның 854 мың теңгесі техникалық-материалдық базаны нығайтуға жұмсалған. Осылай деген Рустам Албаев пневмония мен ЖРВИ бүгінге дейін 10 мыңнан астам шымкенттіктен табылғанын айтады. Оларды емдеу үшін 56 мобильді топ қызмет еткен.

Назерке Үкібасова