Шымкенттегі коронавируспен күрес шараларына депутаттар қандай баға берді?

108

ШЫМКЕНТТЕГІ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫНА ДЕПУТАТТАР ҚАНДАЙ БАҒА БЕРДІ?

Мәжіліс депутаттары Шымкент қаласындағы коронавируспен күрес шараларына өз бағаларын берді. Мәжіліс депутаттары Уәлихан Қайназаров, Сәкен Қаныбеков және Мансұрхан Махамбетов медициналық мекемелерді аралап көрді.

Халық қалаулылары көрген кардиологиялық орталықта коронавирус және пневмония диагнозы қойылған емделушілерге қажетті көмек көрсетіледі. Бөлімде жасанды тыныс алу аппараты тиімсіз деп танылып, ерекше ауыр жағдайларда қолданылатын ЭКMO технологиясын пайдалану мүмкіндігі туған.

Ауыр пневмония және коронавирус инфекциясына шалдыққан жүрек-қан тамырлары асқынуы бар 126 науқас сауығып шыққан. Дегенмен, қосымша жасанды тыныс алу аппараты мен монитор және перфузерге қажеттілік бар. Оттегі стансасын салу да өзекті күйде.

Осындай шешімін күткен мәселелермен таныс болған мәжіліс депутаттары дәріханалар мен дәріхана қоймаларына барды. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудегі шаралармен танысты.

Мақпал Рысбаева