Шымкенттің үздік туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көруге болады

296

«Бүгін Қазақстанды әлемге танытып, туризм саласын дамытуға атсалысып жүрген «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездестім», деп жазады қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Сала мамандарымен туризм басқармасы бірлесе бірнеше жобаларды жүзеге асырып, карантин салдарына қарамастан қызу жұмыстар атқаруда. Сол жобалардың бірі — Ескі қала аумағында орналасқан Цитадель жобасының VR-ролигі. Аталған жоба біздің қаламызға келген қонақтар мен тұрғындар үшін қаланы виртуалды тамашалауға таптырмас құрал болып табылады. Неге десеңіз, басқа жақта тұрып, сіз Шымкент қаласының үздік деген туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көре аласыз.

Жобада Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі 3 тілде тамашалауға мүмкіндік бар. Оны Сіздерге карантин аяқталған соң Ескі қалашық пен туристік ақпараттық орталықтарымызда көруге шақырамыз».