Төрт адамның мәйіті табылған оқиға: Марқұмның туыстары пікір білдірді

271

Төрт адамның өлімімен аяқталған қанды оқиға жайында марқұмдардың бірінің туыстары өз деректерімен бөлісті. Ажал құшқан ер кісінің туысы көз жұмғандардың бір-бірімен дос болғанын айтады. Сөздерінше, олар бір мекемеде жұмыс істеген. Ал, жауыздықтың орын алуына ақша себеп болды дейді өлім құшқан азаматтың туысы.

Мадияр Дербешов, марқұмның туысы: «Бұл жерде мәселе ақшаға кеп тіреліп жатыр. Надырдың жолдас баласы емес біраз адамға қарыз екен. Өлтірген адам. Бұлар барғанда ұрыстың үстінен түскен. Әйелі екеуі жанжалдасып ұрып-төбелесіп жатқан. Эксперт жігіттер айтты».


Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Шымкентте жантүршігерлік жағдай орын алған еді. Ел арасында Пахтакор деп аталатын «Мирас» шағынауданынан бір күнде 4 адамның мәйіті табылды.

Екі ер адамның денесі көліктен, тағы бір еркек пен бір әйелдің денесі үйден анықталған. Көршілері болса, бұл дауға қатысты өз нұсқаларын айтқан еді. Бұл іске байланысты қазір Шымкент қалалық Полиция департаменті тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Назерке Үкібасова