Түркістан облысына дәрілік заттар әкелінді

278

Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дана дәрілік препараттар келді. Бұл халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді дейді салаға жауаптылар.

Өзбекстан елінен жеткен кезекті партияда сұранысқа парацетамол, амброксол, цефтриаксон, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар.

«Дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылады. Қалғаны әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі», дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пошимов.

Мақпал Рысбаева