Түркістанда ең жоғары балл 133 -ті көрсетті

304

Түркістан қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары балл 133-ті құрады. Бұл көрсеткішті «Дарын» мектеп-интернатының екі оқушысы жинады.

Аталған білім ордасының тағы екі оқушысы 130 баллдан, ал Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы 128 баллға ие болды. Жалпы, 100 және 100-ден жоғары балды 163 түлек жинады.

Түркістанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1154 оқушы өтінім беріп, оның 1125-і қатысқан болатын. 29 оқушының 25-і өз қалауымен, бір бітіруші әскерге кеткендіктен және 3-і тыйым салынған заттарды (телефон, наушник, шпаргалка) алып келгені үшін тестілеуден шығарылған.