Асқар Мамин интернетті жақсартуды тапсырды

121

25 тамызға дейін оқушылар мен мұғалімдер қашықтықтан оқуға толық дайын болуы керек. Ел премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында осылай деді.

Үкімет басшысы министр мен жергілікті әкімдерге интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, оқулықтардың электрондық нұсқалары болуы тиіс, олар қолжетімді болуы керек. Айта кетейік, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз ететін болды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі: «Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын. Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты бұдан да жандандыру керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек».

Мақпал Рысбаева