«Нұр Отанның» отырысы кейінге қалдырылды

103

 

«Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді. Бұл туралы Бауыржан Байбек Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Онда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды» делінген. Мәліметке сай, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды да жүктеген. Сондай-ақ, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиістігі айтылды.

Мақпал Рысбаева