Өткен сенбіде Түркістанда 5 отбасылық іс-шара тоқтатылды

217
Нұрбек Садықбекұлы Нышанов, Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы

Түркістан облысында коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 8 тамыз күні мобильді топтармен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінiң 2020 жылғы 17 шілдедегі №28 Қаулысымен бекітілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингілеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейд барысында сенбі күні 30-40 адамның қатысуымен 5 отбасылық іс шаралар тоқтатылды. Атап айтар болсақ: Түркістан қаласында 30 адамның қатысуымен беташар, Жетісай ауданында 40 адамның қатысуымен тұсаукесер, Мақтаарал ауданында 40 адамның қатысуымен 2 беташар және қыз ұзату отбасылық іс шаралары жеке үйде және дәмханаларда өткізу фактілері анықталды.

Мобильдік топ тарапынан өткізілген отбасылық іс шаралар тоқтатылып, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес жауапты тұлғаларға хаттамалар толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса 50 пайызы төленеді. Мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша Түркістан облысы бойынша карантин талаптарын сақтамаған жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға 66 миллон 227 мың 520 теңге айыппұл салынған.

Алдағы демалыс күндері өңірде шектеу шаралары күшейтіліп, рейд жұмыстары өз жалғасын табады.