Полицейді ұрған ҰҚК шекара қызметкеріне сот үкімі шықты

129

Шымкентте полицейге қол көтерген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкеріне сот үкімі шықты. Соттың соңғы отырысына бүгін тек айыпталушы келген. Және ол тәртіп сақшысына қол көтергенін мойындады.

Жамиля Төленова, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы: «ҚР 58 баптың 2-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны, неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы 200 АЕК 555600 тг мөлшерінде айыппұл салынсын. Сотталған Төкебаев Нұрсұлтан Басарұлына айыппұлды өз еркімен төлеу үшін сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай мерзім берілсін».

Еске сала кетейік, пагонды қызметкерлердің жанжалы төтенше жағдай режимі кезінде, сәуір айында орын алған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкері таңғы уақытта жұмысқа бара жатқан. Ал, оны полицей автокөлік нөмірін тексеру үшін тоқтатқан. Даудың бәрі осыдан басталып, соңы көше ортасындағы төбелеске ұласты.

Аталмыш жағдайдан кейін, полицей комитет қызметкерінің үстінен арыз жазып, жәбірленуші атанды. Іс сотқа жетіп, енді Ұлттық қауіпсіздік комтетінің шекара қызметкері мемлекетке 555 мыңнан астам теңге төлейді. Және ол ефрейтор атағынан айырылды. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Назерке Үкібасова