Қазақстанда онлайн сауда дамып келеді

135

2020 жылы онлайн-сауда 900 млрд. теңгеге жетеді. Бұл туралы Сауда және инетеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Өткен жылы аталмыш көрсеткіш 700 млрд-тан сәл асса, биыл жарты жылдың өзінде 432 млрдқа жеткен. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 1 трлн. теңге туықтауы керек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және инетеграция министрі: «2022 жылға қарай онлайн-сауда көлемі 2 трлн. теңгеге жетуі ықтимал немесе елдегі бөлшек сауданың 13 пайызын қамтымақ. Біздің болжамға сүйенсек, 2025 жылға қарай электронды коммерция үлесі бөлшек нарықтың 15 пайызына жетеді».

Сондай-ақ, ведомства басшысы сауданы дамытудың 4 жылдық жоспарын да әзірлеп қойғанын айтады. Оның айтуынша, құжатта саланың жұмыс істеуін заңнамалық жетілдіру шаралары, сондай-ақ бизнесті қолдау мен сауда инфрақұрылымын дамыту құралдарының кең тізбесі қамтылған.

Назерке Үкібасова