Шымкентте праймеризге дайындық басталды

182

Шымкентте праймеризге дайындық жұмыстары басталды. Бүгін «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының актив жиынында алдағы науқанға әзірлік пысықталды.

Партия белсенділері шараға «Zoom» желісінде онлайн форматта қатысты. Аудан жетекшілері өз аумақтарында атқарылып жатқан дайындықтарын баяндап берді.

Қалада праймеризге 150 адам қатысады. 17-тамызда жарияланатын партияның сайлауалды бағдарламасында праймеризге қатысқан барлық азаматтардың ұсыныс-пікірлері ескерілетін болады.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Праймеризде барлығы жеңіске жетеді, себебі, олардың ұсыныстары партияның сайлауалды бағдарламасына енеді. Бұл жүйе халық арасынан елді дамытуда өзінің идея-ұсыныстары бар азаматтарды іріктеп алу үшін қолға алынып отыр. Праймеризде жастар белсенділік танытуда».

Мақпал Рысбаева