Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы мен мобильді топ өкілдері аудан аумағында жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде Шымкент қаласы Абай ауданы Жиделібайсын көшесі бойында орналасқан «БОМОНД» кафесін тексеру барысында кафе ішінде қыз ұзату тойы болып жатқаны анықталды.
Осы бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1 тармақшасы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процесуалды шешім қабылдау үшін жолданды.