«Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау» тақырыбында семинар өткізілді

131

Түркістан облысына қарасты  Ордабасы ауданаралық әділет басқармасының басшысы Б.Нұрпейісов ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн- форматта аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.

Семинар барысында зияткерлік меншік саласындағы «Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау және Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.