Бүгін жаңадан сайланған сенаторларға куәліктер мен төсбелгілер табысталды. Салтанатты шарада «2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
Заңанамаға сай Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. Отырысқа сенаторлар, мен бейне конференция байланыс режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері, онлайн режимде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мақпал РЫСБАЕВА