Сенат бүгін ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Ол қоғамдық кеңістікте педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттайтын ақпаратты таратуға тыйым салады. Заң бірінші оқылымда қабылданып отыр.
Сенаторлардың айтуынша, мұндай заң балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау үшін қажет. Заң тәртібі қоғамдық кеңістікті, сондай-ақ БАҚ, телекоммуникациялық желілер мен онлайн-платформаларды қамтиды. Егер мұндай жағдай бірінші рет тіркелсе, онда айыпты тарап 20 АЕК, яғни, қазіргі мөлшермен 79 мың теңге айыппұл арқалайды. Бір жылдың ішінде қайталаса, айыппұл ұлғайтылады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Әділет министрлігі мұндай тыйым халықаралық нормаға қайщшы келмейтінін мәлімдеді.
Ботагөз Жақсылықова, Әділет вице-министрі: «Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша да, халықаралық құқық бойынша да құқық бұзушылық болып саналмайды. Біз бұл үшін жауапкершілік қарастырмаймыз. Бұл тек ЛГБТ-ны ашық, жария түрде насихаттау жағдайына қатысты. Бұл Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық келісімдеріне сәйкес келеді».
Ербол Тұрымбет






